Қасиетті Рамазан айы құтты болсын!

Құрметті әріптестер, студенттер, мұсылман қауымы!
Қасиетті Рамазан айы мүбәрак болсын! Ораза тұтып, ниет еткен барша әріптестер мен білімгерлерімізге ораза қабыл болсын деп тілеймін. Жақсы ниет, игі тілектерімізді Алла Тағала қабыл етсін.
Ауыр сынақ болып жатқан індетті, қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, бір-бірімізге қолдау көрсетіп, бірігіп жеңетінімізге сенімдімін.
Рамазан айында халқымыздың амандығын, елдің тыныштығын тілеймін!