Келешек келбеті және Миссиясы

«Болашақ»  колледжінің миссиясы және пайымдауы:

Миссия-колледжде жүзеге асырылатын іс-қызметтер мен үрдістерді  жүйелілік тұрғыдан қарау арқылы озық технология мен инновацияны меңгерген, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби мамандарды дайындау.

Пайымдау – казіргі қоғам талаптарына сай келетін білім беру қызметтерінің тиімді жүйесін қалыптастыру.

Еңбек нарығында Республика бойынша, оның ішінде Түркістан  облысы бойынша экономиканың дамуына өз үлесін қосатын азаматтық және адамгершілігі мол, сапалы, инновациялық жаңаша ойлайтын, өз мамандығына тәжірибелік бағытталған қабілетті тұлғаны дайындау.

Мақсаты:

Бәсекеге қабілетті, білікті, кәсіптік сапасы мен құзыреттілігі еңбек нарығының бүгінгі күнгі талаптарына сай мамандарды даярлау. Колледжде студенттермен жүргізілетін барлық оқу, тәжірибе, ғылыми және тәрбие жұмысы ақтық мақсатқа — өмірге қажетті мүдделерін есепке ала отырып, түлектердің мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алуына бағытталған

Міндеттері:

Білім  деңгейі  жоғары, ой-өрісі икемді, кәсіби оңтайлылығы, жеке және кәсіби шеберлігі бар, өзінің жеке стратегиясын құра  алатын, бәсекеге қабілетті  мамандарды  қалыптастыруға  жағдай жасау арқылы білім беру үдерісінің  тиімділігін мен сапасын  арттыру.

Орта кәсіптік білім бере отырып, жеке тұлғаның интеллектуалдық, мәдени және адамгершілік дамуын қамтамасыз ету;

Жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамгершілік құндылықтары, ғылым мен тәжірибе жетістіктері  негізінде кәсіби қалыптасуын бағыттай отырып, сапалы білім алуына жағдай жасау;

Теориялық оқу мен өндірісте оқу және еңбек нарығы сұранысы байланысын қамтамасыз ететін білім беру жүйесін дамыту, сондай-ақ әр студенттің қоғамдағы жеке басты мүмкіндігін барынша пайдалануға жағдай жасау;

Оқытудың қазіргі заманғы жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану;

Білім алушыларға кәсіби бағдар беруді қамтамасыз ету;

Мамандарды кәсіби дайындауда ұйымдармен әлеуметтік әріптестіктің жаңа түрлерін енгізу.